Финалға іріктеу қатаң болды. Қатысушылар қатарында – былтырғы чемпиондар, жастар арасындағы үздіктер, жартылай финал жеңімпаздары және ҚШФ Жаттықтырушылар кеңесінің таңдаулылары бар. Жарыс айналмалы жүйе бойынша 13 турдан тұрады. Уақыт бақылауы: әр партияға 90 минут + әр жүріске 30 секунд.
Open санатында Қазыбек Нөгербек, Денис Махнёв, Алдияр Ансат пен Рамазан Жалмаханов, Women санатында Меруерт Камалиденова, Ксения Балабаева, Амина Қайырбекова, Алуа Нұрман және Елназ Қалиахмет көш бастап келеді.
Финалдың басты ерекшелігі – буындар қақтығысы: жас дарындар мен тәжірибелі шеберлер арасында қызу тартыс жүріп жатыр. Жүлде қоры – 20 млн теңге. Тур күндері БАҚ өкілдері, блогерлер мен фотографтар үшін ашық. Бүгінгі турда бірқатар фавориттермен сұхбаттар жоспарланған.