Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Kaspi бөліп төлеуге басқа баға көрсетуден бас тартты

Kaspi.kz 11 қазаннан бастап күшіне енген жаңа ережелерге байланысты өз ұстанымын түсіндірді. Компанияның айтуынша, Kaspi дүкеніндегі барлық тауарлар бұрынғыдай — бір ғана бағамен көрсетіледі.

Kaspi бөліп төлеуге басқа баға көрсетуден бас тартты

Kaspi өкілдері мұны платформаның жұмыс жүйесімен байланыстырды. Олардың сөзінше, Kaspi дүкеніндегі сатушылар бөліп төлеу қызметін өз қаржысынан емес, Kaspi Pay жүйесі арқылы ұсынады.

«Kaspi дүкенінде сатушылар бөліп төлеуді өз есебінен ұсынбайды. Сондықтан бағалар өзгеріссіз қалады — әр тауарға тек бір баға көрсетіледі», — делінген компания хабарламасында.

Министрлік бекіткен жаңа ереже бойынша, енді дүкендер мен онлайн сервистер тауардың екі бағасын көрсетуі тиіс:

— толық бірден төлеу кезіндегі баға;

— бөліп төлеу арқылы сатып алғандағы нақты жалпы сома.

Kaspi бұл талап тек өз қаржысын пайдаланып бөліп сату жасайтын сатушыларға қатысты екенін атап өтті. Ал Kaspi дүкеніндегі бағалар төлем тәсіліне қарай өзгермейді.

Бұған дейін елімізде енді әр тауар мен қызметтің бағасы екі түрлі нұсқада жазылатыны туралы хабарлағанбыз. — қолма-қол сатып алғанда және бөліп төлеу арқылы алғандағы құны.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату