Қаржы ұйымдары сайтында не мобильді қосымшасында онлайн-есептегіш орналастырады. Ал тұтынушы несие алмас бұрын, керекті сомасын жазып, сыйақы мен өзге де алымдар қосылғандағы несиенің нақты құнын көреді.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдерінің айтуынша, бұл талап тұтынушылардың құқығын қорғауға ықпал етеді.
“Тұтынушы қарызды рәсімдемес бұрын, оның толық құнын алдын ала көріп, шешім қабылдайды. Жеке және заңды тұлғаларға арналған қарыздар бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі есебіне қарызды беру мен қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдер, сондай-ақ сақтандыру компанияларының, кепіл берушілердің, бағалаушылардың және делдалдардың кредит беру шарттарына әсер етсе, олар міндетті түрде көрсетілуі тиіс”, – дейді қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз хатшысы Олжас Рамазанов.