Қарсы шабуыл кезінде украин күштері Доброполье маңындағы Грузское мен Веселое ауылдарын қайта бақылауына алған. Әсіресе Веселое маңындағы шайқастардың ауыр өткені айтылады.
93-бригаданың майоры Евгений Лигерконың сөзінше, Ресей тарапының әрекеттері жүйесіз әрі жоспарсыз жүріп жатыр:
«Оларда нақты стратегия жоқ, тек инерциямен қозғалып отыр», — дейді ол.
Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Александр Сырскийдің мәліметінше, 14 тамыздан бері украин армиясы шамамен 330 шаршы шақырым аумақты азат еткен. Оның 170 шақырымы толық бақылауға алынған.
Сырский атап өткендей, ресейлік әскерлер бұрынғыдай ірі танк колонналарын сирек пайдаланып, негізінен 4–6 адамнан тұратын шағын топтармен әрекет етуде.
Президент Владимир Зеленский бұл операцияларды «үлкен жеңіс емес, бірақ жеңілмегеніміздің айқын дәлелі» деп бағалады.