weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Филиппинде тағы да қатты жер сілкінісі болды

Филиппинде тағы да жойқын жер сілкінісі тіркелді. Дүмпу ошағы Минданао аралы маңында болған.

Филиппинде тағы да қатты жер сілкінісі болды
Фото: URA.ru

«Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендік — 7,25°, шығыс бойлық — 126,69°. Магнитудасы — 7,4, тереңдігі — 53 км», — делінген Қазақстан деректер орталығының жедел хабарламасында.

Қаза тапқандар мен қираулар туралы мәлімет жоқ. Алайда жергілікті билік цунами қаупі жөнінде ескерту жасады. Филиппин сейсмологиялық агенттігінің мәліметінше, толқындар эпицентрден 300 шақырымға дейінгі аумақты қамтуы мүмкін. Қауіп аймағында Филиппин жағалауларымен қатар Индонезия мен Палау да бар.

Бірнеше провинцияда тұрғындарға эвакуациялану туралы хабар берілді.