Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақстандық әйел Данна Қарағұсова ғарышқа ұшып келді

Данна Қарағұсова Blue Origin компаниясының New Shepard кемесімен суборбиталық ұшуға қатысып, ғарышқа шыққан алғашқы қазақстандық әйел атанды.

Қазақстандық әйел Данна Қарағұсова ғарышқа ұшып келді

Компания «астронавттар ауылындағы» дайындық сәттері мен зымыран ұшырылымының кадрларын жариялады.

New Shepard NS-36 зымыраны Техастағы Launch Site One алаңынан астана уақытымен 18:41-де ұшырылды. Ұшырылым алдында команда соңғы тексеруден және дайындықтан өтті. Ұшуға шығар алдында әр қатысушы дәстүр бойынша қоңырау соқты — бұл Blue Origin компаниясында қалыптасқан ғұрып. Ол теңіз және авиация дәстүрлерінен алынған, миссияның соңғы кезеңінің басталғанын, шығарып салушылармен қоштасу мен ұшуға бет алуды білдіреді. — New Shepard ұшу бағытының белгісі.

Миссия құрамында бұрын жарияланбаған қатысушы да бар болып шықты — Уильям Льюис, ол биотехнология саласындағы инновациялармен айналысады.

Данна Қарағұсова дайындық кезеңінде алған әсерімен былай бөлісті:

«Мұндағы әр минут – баға жетпес. Барлығын бөлісе бергім келмейді, өйткені осы сәттің өзінде болғым келеді: сезініп, еске сақтап, сөйлесіп, көзге қарап, шынайы өмір сүргім келеді. Біз экипаж ретінде ортақ кеңістікті ғана емес, ортақ жолды да бөлісеміз. Мұнда кездейсоқ адам жоқ. Әрқайсымыз бұл жерге өз қиындықтарымызды, күмәндерімізді, сынақтарымызды және сеніммен жасаған қадамдарымызды алып келдік. Мүмкін, сондықтан да бұл бірлік ерекше терең сезіледі».

Ұшу кезінде қатысушылар үш еселік шамадан тыс салмақты (перегрузка) бастан өткерді. Тікелей эфир кезінде олардың айқайлаған сәттері де естілді — бұл түсінікті жағдай: зымыран 100 шақырым биіктікке көтерілді, шамамен 10 минут бойы салмақсыз күйде болды. Қайтар кезде қысқа уақытқа бес еселік шамадан тыс салмақ байқалды, бірақ бұл дайын адамдар үшін қалыпты көрсеткіш саналады.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату