Трамптың айтуынша, ол Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты тоқтатуға, сондай-ақ жаңа соғыстардың алдын алуға үлкен үлес қосқан. Бұған қоса, бес жыл бұрын Таяу Шығыста бейбіт келісімдер жасауға атсалысқанын еске салды.
Дегенмен, Нобель сарапшылары оның жеңіске жету мүмкіндігі төмен екенін айтады. Себебі Трамп «Газадағы геноцидті қолдады» деген айыптауларға тап болған. Сондай-ақ оның президенттік кезінде АҚШ-ты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан және Париж климаттық келісімінен шығарып, бірқатар одақтас елдермен сауда соғысын бастағаны сынға алынған.
Айта кетсек, Нобель комитеті үміткерлер туралы пікір білдірмейді және кандидаттардың есімдері құпия сақталады. Бейбітшілік сыйлығының иегері 10 қазанда Ослода жарияланады. Бұл марапат жыл сайын бейбітшілік пен ынтымақты дамытуға еңбек сіңірген тұлғаға немесе ұйымға табысталады.