Бұл жөнінде Абай облысының полиция департаменті хабарлады. (д/з azattyq)
"3 қазан күні Омбы–Майқапшағай трассасында жол-көлік оқиғасы тіркеліп, адам өліміне әкелді. Қайғылы жағдайлардың себебі – жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу: қарсы жолаққа шығу және тұтас сызықпен белгіленген жерде бұрылу. Апат салдарынан төрт адам қаза болды" деп жазылған полицияның хабарламасында.
Қазақстанда жыл сайын шамамен 2500 адам жол апатынан қаза табады екен.