Күдікті адамдарды көлікпен қағып, бір адамды пышақтаған. Салдарынан кемінде бес адам зардап шекті. Қарулы полиция оны атып, жаралады. Қазіргі жағдайы туралы ақпарат жоқ.
The Daily Telegraph мәліметінше, бұл оқиға теракт ретінде қарастырылып жатыр. Синагога аумағы қоршалып, тергеу жүріп жатыр.
Sky News хабарлауынша, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер осы оқиғаға байланысты Даниядағы саммитке барудан бас тартып, елге оралған.