Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақстаннан кеткендердің дені қайда жұмыс істейді?

Ресейде 100 мыңнан астам қазақстандық еңбек етуде

Қазақстаннан кеткендердің дені қайда жұмыс істейді?
Фото: Kyzylorda-news.kz.

Қазақстан азаматтарының шетелде жұмыс істеу қарқыны соңғы жылдары бәсеңдеп келеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, 2025 жылғы шілденің басында шет елдерде 126,5 мыңнан астам отандасымыз еңбек еткен.

Негізгі бағыттар

Миграция комитетінің төрағасы Әсет Шоновтың айтуынша, қазақстандық еңбек мигранттарының дені Ресейде жүр – 102,5 мың адам. Бұдан бөлек:

Оңтүстік Кореяда – 15,8 мың,

Біріккен Араб Әмірліктерінде – 3 мың,

Ұлыбританияда – 1,9 мың қазақстандық жұмыс істеп жүр.

Бұл көрсеткіштер 2023 жылдан бері сыртқа жұмыс іздеп шығатындардың азая бастағанын байқатады.

Ел ішіндегі көші-қон

Министрлік мәліметінше, соңғы екі жыл қатарынан Қазақстандағы көші-қон сальдосы оң нәтиже көрсетуде. 2025 жылдың екінші тоқсанында елге келгендер кеткендерден 7,7 мың адамға көп болған:

келгендер – 11,3 мың,

кеткендер – 3,5 мың.

Көбіне Қазақстанға ТМД мемлекеттері мен Қытайдан азаматтар қоныс аударып жатыр.

Тәуекел сақталып отыр

Әсет Шонов жалпы үрдіс оң екенін айтқанымен, білікті кадрлардың сыртқа кету қаупі әлі де бар екенін ескертті. Мәселен, тек 2025 жылдың өзінде Ресейге 8,7 мың, Германияға 2 мың қазақстандық көшіп кеткен.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату