Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

«Қайрат» – «Реал Мадрид» ойынына Алматыға 5 мыңнан астам шетелдік турист келді

26–29 қыркүйек күндері Алматыда өткен «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы кездесуге 5 мыңнан астам шетелдік қонақ ат басын бұрды. Оған қоса Қазақстанның әр өңірінен ағылған жанкүйерлерді қосқанда, қалаға келгендердің жалпы саны ондаған мың адамға жеткен.

«Қайрат» – «Реал Мадрид» ойынына Алматыға 5 мыңнан астам шетелдік турист келді
Фото: gov.kz

Бұл туралы Алматы қаласы туризм басқармасы e-Qonaq ақпараттық жүйесінің деректеріне сүйене отырып хабарлады.

Негізгі туристер легі Қытай, Үндістан, Ресей және Қазақстанның басқа аймақтарынан келді. Сондай-ақ Жапония, Ұлыбритания, Испания, Чехия, ТМД елдері мен өзге де Еуропа мемлекеттерінен жанкүйерлер болды.

Матчтың экономикалық пайдасы да айтарлықтай. Mastercard компаниясының мәліметінше, Алматыға келген шетелдік туристің орташа шығыны шамамен 1 500 АҚШ долларын құрайды. Бұл қаражатқа қонақүй, тамақ, көлік, ойын-сауық пен сауда кіреді. Мұндай шығындар қаладағы шағын және орта бизнестің дамуына серпін беріп, қызмет көрсету саласын жандандырады және қала экономикасына жанама әсерін тигізеді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату