Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақстанда доллар бағамы өсті

29 қыркүйек күні түстен кейін елдегі айырбастау пунктерінде доллар бағамы көтерілді.

Қазақстанда доллар бағамы өсті
Фото: zakon.kz

Астанадағы бағам
12:30-дағы жағдай бойынша, елордада доллар 549–550 теңгеден сатылып, 545 теңгеден қабылданып жатыр.

Алматыдағы бағам
Алматыда сатылым бағасы 549–550,5 теңге аралығында, сатып алу құны 547–548 теңге.

Кеше, 28 қыркүйекте
Астанада орташа сату бағасы 547–548 теңге болса, сатып алу – 542–543 теңге шамасында болды. Алматыда доллардың орташа сатылымы 545–546 теңге, ал сатып алу бағасы 543–544 теңге еді.

Ұлттық банктің ресми бағамы
29 қыркүйекке белгіленген ресми курс – 1 доллар үшін 544,26 теңге.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық банк тамыз айының қорытындысын жариялаған. Соның нәтижесінде теңге 0,4 пайызға нығайып, доллар 538,60 теңгеге теңесті. Тамызда Ұлттық қордан 420 миллион доллар сатылған. Қыркүйекте бұл көлем 400–500 миллион доллар аралығында болатыны күтіледі. Ал тамызда Ұлттық банк валюта интервенциясын жүргізбеген.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату