Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Джеки Чан Қазақстанға кино түсіруге келген дей ме?

Джеки Чан Қазақстандағы жаңа жобасы үшін түсірілім орындарын таңдады.

Джеки Чан Қазақстанға кино түсіруге келген дей ме?
Фото: Salem Entertainment

Әлем жұлдызы Алматыға сапары кино саласына байланысты болып шықты.

Salem Entertainment компаниясы Джеки Чанның бірлескен жобаға кіріскенін және Қазақстанда түсірілетін локацияларды таңдап үлгергенін растады.

Актер Шымбұлақта серуендеп, қазақтың шапанын киіп көріп, жанкүйерлерімен суретке түскен.

Компания әзірге жоба туралы толық мәлімет бермеді, бірақ «үлкен жоба» болатынын айтты.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату