Оқиға бойынша полиция дереу әрекет етті. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған. Күдікті жасөспірім арнайы бейімдеу орталығына орналастырылды.
Сонымен қатар, төбелеске қатысқан барлық жасөспірімдер профилактикалық есепке қойылады. Іс материалы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданбақ. Ал ата-аналарына балаларының тәрбиесіне тиісті назар аудармағаны үшін әкімшілік жаза қолданылмақ.