Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Тараз оқушыларына не көрінді? 11-сынып оқушысына ақша бопсалады деген айып тағылды

Жамбыл облысында 11-сынып оқушысына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Прокуратура мәліметінше, ол Шу ауданындағы 9-10 сынып оқушыларынан ақша бопсалаған деген күдікке ілінді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, істің толық жай-жапсары жарияланған жоқ.

Тараз оқушыларына не көрінді? 11-сынып оқушысына ақша бопсалады деген айып тағылды

Өңірде прокуратура қызметкерлері мен құзырлы органдар өкілдерінен құралған арнайы мобильді топ құрылған. Оның негізгі міндеті – кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықты азайту. Қазір топ Байзақ пен Жамбыл аудандарындағы мектептердің жұмысын тексеріп, жасөспірімдер арасындағы буллинг, өз-өзіне қол жұмсау және бопсалау фактілерін анықтап жатыр. Мұндай жұмыс Тараз қаласы мен өзге аудандарда да жүргізілуде. Шу ауданындағы оқиға осы топтың жұмысының нәтижесінде белгілі болды.

Сонымен қатар, прокуратура Тараз қаласы мен Шу ауданында үш жасөспірімнің қаза болуына қатысты істерді тергеп жатқанын хабарлады.

Айта кетейік, Жамбыл облысында бірнеше оқушының қазасынан кейін балалар қауіпсіздігіне арналған кешенді бағдарлама енгізілетіні бұған дейін мәлімделген еді.

Қыркүйек айында Көккайнар ауылында футбол ойынынан кейін жоғарғы сынып оқушылары төбелесіп, бір бала соққыдан есін жоғалтып, кейін көз жұмған. Тағы бір оқиға Таразда болды: мектептің 9-сынып оқушысы сыныптасының соққысынан кейін мектеп дәретханасында көз жұмды.

Осы қайғылы жағдайларға байланысты Жамбыл облысының бірқатар шенеунігіне сөгіс жарияланды.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату