weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Өскеменде жоғалған бала тауық қорадан табылды

Полицейлер үйден шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған 9 жасар баланы іздестірді.

Өскеменде жоғалған бала тауық қорадан табылды

"Анасының айтуынша, бала ешкімге білдірмей белгісіз бағытқа кетіп қалған. Баланың дамуында ерекшеліктер бар", - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі. "Іздеуге патрульдік қызмет экипаждары, жаяу патрульдер, сондай-ақ қызметтік иті бар кинолог аттанды".

Көшедегі бейнебақылау камераларының көмегімен баланың көрші көшеге кеткені анықталды. Кинолог Ерназ Назыроллаев та сол жаққа барып, баланы жеке үйдің аумағындағы тауық қорадан тапты.