Қазақстан Үкіметі 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын жариялады. Құжатқа сәйкес, 2026 жылы мемлекеттік кіріс 22,9 трлн теңгені құраса, шығыс көлемі 27,2 трлн теңгеге жетпек. Осылайша, тапшылық шамамен 4,6 трлн теңге болады, деп хабарлайды newsroom.kz.
Бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 2,5%-ына тең. Ал мұнай секторын есептемегенде тапшылық екі есе жоғары – 4,9%. Сарапшылардың айтуынша, бұл Қазақстанның әлеуметтік міндеттемелерін орындау үшін Ұлттық қорға тәуелділігінің сақталып отырғанын көрсетеді.
Құжатқа сәйкес, 2026 жылы Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт көлемі – 2,77 трлн теңге.