Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

«Қайрат» чемпиондар лигасындағы алғашқы матчта жеңілді

Лиссабонда өткен ойында қазақстандық команда 4:1 есебімен жеңілді.

«Қайрат» чемпиондар лигасындағы алғашқы матчта жеңілді
Фото: 24kz

Бұл - алматылық клубтың Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы ойыны.

Тринкао 43-ші минутта гол салды.

«Қайрат» төрт минутқа жетер-жетпес уақытта үш гол жіберіп алды:

65-минутта Тринкан дубль авторы атанса, 67-минутта Алиссон Сантос, ал 68-минутта Жеовани Кенда бір-бір голдан салды.

 «Қайрат» сапында жалғыз голды 86-шы минутта Эдмилсон соқты.

 

Ойынның 20 минутында «Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмырза Мотрен Юльманның пенальтиден тепкен добын қайтарды. Осылайша отандасымыз Чемпиондар лигасында пенальтиді қайтарған тарихтағы екінші ең жас қақпашы атанды.

«Қайраттың» бастапқы құрамында 18 жастағы Шерхан Қалмұрза алғаш рет алаңға шықты. Негізгі қақпашылар - Александр Заруцкий мен Темірлан Анарбеков жарақат алған еді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату