Дропперлік дегеніміз не?
Дропперлік – банк шотын, төлем құралын немесе жеке деректерді заңсыз түрде беру, сатып алу не пайдалану әрекеті. Мұндай тәсілді алаяқтар көбіне ұрланған ақшаны қолма-қол жасау үшін қолданады.
ІІМ мәліметінше, дропперлер – алаяқ пен ұрланған қаржының арасындағы делдал. Олар қаражатты түрлі шоттарға аударып, заңсыз әрекеттердің жасалуына жол ашады.
Қандай жаза қолданылады?
Жаңа бап бойынша жаза құқық бұзушылықтың ауырлығына қарай өзгереді: айыппұл төлеуден бастап, жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін баруы мүмкін. Бұған қоса, мүлікті тәркілеу шарасы да қарастырылған.