Astana Motors-тың негізін қалаушы Нұрлан Смағұловтың сөзінше, өндірістегі жергілікті үлес артқан сайын құны да төмендеп, көліктер қолжетімді бола түседі.
Зауыттың мүмкіндігі
Жаңа өндірістің жобалық қуаты – жылына 120 мың автомобиль. Қазір мұнда 1700 адам жұмыс істейді, ал толық қуатқа шыққанда 3600-ге дейін жаңа жұмыс орны ашылады.
Жабдықты жеткізушілер қатарында Қытайдың Automotive Engineering Corporation, сондай-ақ Германияның Bosch пен Siemens, Жапонияның Fanuc, Швейцария–Швецияның ABB сияқты алпауыт компаниялар бар.
Қаржы және серіктестік
Жобаның жалпы құны – 202 млрд теңгеден асады. Оның 37%-ын Astana Motors өз қаражаты есебінен жапса, 63%-ы Қазақстанның Даму банкі мен Өнеркәсіпті дамыту қорының несиесі арқылы қаржыландырылған. Зауыт құрылысы 2022 жылы басталып, 2023 жылы Қытайда жасалған лицензиялық келісімдерден кейін қарқын алған.
Айта кетейік, соңғы уақытта Қазақстанда жаңа көліктер бағасы төмендеп келеді. Kia-ның кейбір модельдері 4 млн теңгеге дейін арзандады. Бұған дейін BYD, Changan, Chery және Hyundai автокөліктеріне де жеңілдіктер жасалған.