Дистрибьютор мәліметінше, жеңілдік көлемі 1,4-тен 4 млн теңгеге дейін жетеді және ол тамыз айының соңына дейін жалғасады.
Акция Kia-ның алты моделіне қатысты. Мәселен, Kia Ceed құны 1,44 млн теңгеге азайып, 10,9 млн теңгеден басталса, K5 седаны шамамен 2,1 млн теңгеге арзандап, 14,03 млн теңгеден сатылуда.
Seltos пен Sportage кроссоверлері де жеңілдікке ілінген. Енді Seltos-тың бастапқы нұсқасы 12,23 млн теңгеден (–1,73 млн), ал Sportage 14,5 млн теңгеден (–2,22 млн) қолжетімді.
Ал ірі модельдер ішінде Kia Sorento бағасы 2,8 млн теңгеге төмендеп, 19,07 млн теңгеден ұсынылуда. Флагмандық K8 болса, 4 млн теңгеге арзандап, 20,8 млн теңгеге сатылып жатыр.