Полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші рульге ие бола алмай, алдымен газ құбырына, кейін ағашқа соғылып, көлік аударылған. Жүргізушіге медициналық көмек көрсетілді.
Апат салдарынан 50 абонент пен “Көктем” шипажайына газ беру тоқтатылды.
Қала әкімінің коммуникациялар және БАҚ-пен жұмыс жөніндегі кеңесшісі Ильзат Ақчуриннің хабарлауынша, оқиға орнында “QazaqGaz Aimaq” Алматы өндірістік филиалының апаттық қызметі жұмыс істеп жатыр, екі арнайы техника тартылған.
Жолға төгілген дизель отыны өрт қаупін күшейтіп отыр.
Қалпына келтіру жұмыстары 16 қыркүйекте сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін “Строй Сервис Холдинг” ЖШС және QazaqGaz Aimaq мамандарының күшімен жүргізіледі.