Жамбыл облыстық полиция департаменті бұл дерекке қатысты ресми мәлімдеме жасады.
«Тараз қалалық полиция басқармасы аталған жайт бойынша ҚР ҚК 120-бабының 1-бөлігі (“Зорлау”) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жедел-іздестіру шаралары барысында 22 жастағы күдікті анықталып, ұсталды», – делінген ведомство таратқан хабарламада.