Алмалы ауданында күнделікті көше тазалығына жұмысшылар мен арнайы техника жұмылдырылуда. Мердігер ұйымдар 400-ден астам аулаға қарайды. Саябақ пен аллеялар тазартылып, контейнер алаңдары жөнделіп, сырланып жатыр. Буферлік аймақтарға 67 мыңнан астам бұта отырғызылып, автосуару жүйесі іске қосылған.
Жетісу ауданында 269 көше мен 300-ден астам аула тазалық және абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Қазір Есентай өзенінің жағалауы жөнделіп, инженерлік желілер жаңартылуда. Ғимарат қасбеттеріне жарық қойылып, жүргіншілер өткелдеріндегі көтергіштер ауыстырылып жатыр. Аудан әкімдігі рұқсатсыз саудаға және тәртіп бұзушылыққа да бақылау күшейткен.
Қала аудандарында тұрғындар, жастар, еріктілер мен кәсіпкерлер бірге шығып сенбілік өткізуде. Соның нәтижесінде ондаған тонна қоқыс шығарылып, көшелер көгалдандырылып жатыр.
Сондай-ақ, TazaQazBot қосымшасы арқылы алматылықтар тазалық, қоқыс шығару, жол жөндеу, көгалдандыру мәселелері жөнінде хабарлап келеді. Қыркүйектің өзінде 400-ден аса, ал жыл басынан бері 6,5 мыңнан көп өтініш түскен.
Айта кетелік, әкім Дархан Сатыбалды аудандарға көше мен ауланың тазалығын күшейтуді, тұрғындармен бірге сенбілікті тұрақты өткізіп тұруды тапсырды.