Банк мәліметінше, 15 қыркүйектен кейін enpf-otbasy.kz платформасында жаңа өтініштер тіркелмейді.
«Құрметті клиенттер! 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап enpf-otbasy.kz платформасында тіс емдеуге зейнетақы жинағының артық бөлігін пайдалану жөніндегі өтініштер қабылданбайды. Осы күнге дейін берілген өтініштер қалыпты тәртіпте қаралып, орындалады. Ал өтініштерді қайта қабылдау күні туралы қосымша ақпарат банк тарапынан кейін хабарланады», – деп жазылған банктің ресми сайтында жарияланған хабарламада.