Қай пәндер көш бастап тұр?
Репетиторлыққа ең үлкен сұраныс Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды және Ақтөбеде байқалады. Ал пәндер арасында:
Математика – дәстүрлі түрде бірінші орында.
Ағылшын тілі – халықаралық емтихандар мен шетелдік оқу орындарына түсуге байланысты жоғары сұранысқа ие.
оқушылар мен студенттер арасында қызығушылық артып келеді.
Орыс тілі – сауаттылық пен емтиханға дайындық үшін қажет.
Бастауыш мектеп пен ҰБТ-ға дайындық та тұрақты түрде сұранысқа ие бағыттарға айналған.
Бағасы қанша?
Құны қалаға, пәнге және мұғалімнің тәжірибесіне байланысты өзгереді:
- Алматыда математика мен физика – 3 500–4 500 теңге, ағылшын тілі – 2 500–5 000 теңге, орыс тілі – орта есеппен 6 000 теңге.
- Астанада бағалар шамалас.
- Шымкентте шет тілдерінен сабақ – 2 500–5 000 теңге.
- Бастауыш сыныпқа дайындық ең қолжетімдісінің бірі – 800–2 000 теңге.
Қалай дұрыс таңдау жасауға болады?
Репетитор іздеуде мына жайттарға мән берген жөн:
- Мұғалімнің тәжірибесі мен біліктілігі.
- Бұрынғы оқушылардың пікірлері.
- Жеке әдістемесі мен сабақ форматы.
- Баға саясаты мен төлем тәртібі.
- Қауіпсіздікті ұмытпаңыз
- Сұраныс артқан сайын жалған мұғалімдер де көбейеді. Сондықтан:
- Жазбаша келісім жасаңыз;
- Алдын ала толық төлем жасамаңыз;
- Репетитордың дипломы мен сертификатын сұраңыз.