Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Оксфордтан Қазақстанға сый: Жанкент көрсетілген ортағасырлық карта

Ұлттық қолжазбалар мен сирек кітаптар орталығының қорына сирек артефакт қосылды.

Оксфордтан Қазақстанға сый: Жанкент көрсетілген ортағасырлық карта
Фото: «Қызылординские вести».

Мәдениет министрлігінің мәліметінше, бұл картаның Қазақстан үшін маңызы ерекше. Өйткені онда оғыз мемлекетінің VIII–XI ғасырлардағы астанасы — Жанкент көрсетілген. Араб деректерінде ол «әл-қария әл-хадиса» («Жаңа қала») деп аталады. Сондай-ақ картада қазіргі Оңтүстік Қазақстан аумағындағы бірқатар ірі шаһар белгіленген.

2002 жылы сандық форматқа көшірілгеннен кейін бұл қолжазба ислам географиясын және ортағасырлық кітап мәдениетін зерттеуде маңызды дереккөзге айналған. Министрлік өкілдері көшірменің ғылыми, мәдени әрі ұлттық тұрғыдан зор құндылыққа ие екенін атап өтті.

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату