Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Тоқаев АЭС-ке қатысты тапсырма берді

Қазақстанға бір ғана атом электр станциясы жеткіліксіз, екіншісін, тіпті үшіншісін салуға кірісу қажет. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында айтты.

Тоқаев АЭС-ке қатысты тапсырма берді

Президенттің сөзінше, энергетикалық ауысым Қазақстан үшін мақсат емес, елдің нақты энергетикалық мүмкіндіктері мен ұзақ мерзімді мүдделеріне негізделген тұрақты дамудың тетігі болып табылады.

"Ядролық энергетиканы дамыту бағыты – аса маңызды. Бір ай бұрын Алматы облысында «Росатоммен» бірлескен алғашқы атом электр станциясының құрылысы басталды. Алайда экономиканың тұрақты өсуі үшін бұл жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондықтан біз қазірден бастап екінші, тіпті үшінші станцияны салуды жоспарлауға кірісуіміз керек," – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ ол Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен өткен кездесуде бұл салада стратегиялық әріптестік жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілгенін атап өтті.

"Қазақстан энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық халықаралық компаниялармен өзара тиімді негізде жұмыс істеуге дайын," – деді Тоқаев.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату