Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Трамп Қазақстанға келуі мүмкін екенін айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанға сапар жасау ықтималдығын жоққа шығармады.

Трамп Қазақстанға келуі мүмкін екенін айтты
Фото: ктк

— Қазақстанға баруым әбден мүмкін. Президенттеріңізге сәлем айтыңыздар, ол жақсы адам, — деді Трамп Орталық Азия елдеріне бару жоспары туралы 24KZ арнасы тілшісінің сұрағына жауап бере отырып.

Сондай-ақ ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен сөйлескенін жеткізді. Ақ үй басшысының айтуынша, әңгіме жақсы жағдайда өрбіген:

— Біз өте жақсы сөйлестік, — деді Трамп, бірақ әңгіменің жай-жапсарын ашқан жоқ.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату