weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Тұрмысы жақсы көпбалалы отбасыларға қосымша көмек берілмейді

Тұрмысы жақсы көпбалалы отбасыларға мемлекеттен қосымша көмек көрсетілмеуі мүмкін. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты.

Тұрмысы жақсы көпбалалы отбасыларға қосымша көмек берілмейді
Коллаж: newsroom.kz

Жақыпова көпбалалы отбасыға қандай көмек берілмейтінін де нақтылады. Ол – мереке күндеріне орай берілетін біржолғы төлем немесе мектепте сөмке, құрал-жабдық түрінде берілетін көмек.

«Ал барлық заңды төлем сақталады. Мәселен, 10 баласы бар көпбалалы отбасы мемлекеттен ай сайын әр балаға 15 000 теңгеден, жалпы 150 000 теңге алады. Бұл төлемдер бұрынғыдай жалғаса береді. Негізгі өзгеріс қосымша қолдауды нақты мұқтаж адамға жеткізуге бағытталған», – деп түйіндеді министр.

Министрдің айтуынша, адам басына ай сайын 200 000 теңгеден көп табыс түссе және ол отбасыда 2 немесе одан да көп жылжымайтын мүлік болса, отбасының көпбалалы екеніне қарамастан, олар қосымша қолдау алмайды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→