Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
20 маусым, 2025 / Перизат Ілес / Жаңалықтар

Түркістан облысындағы цифрландыруды дамыту: жаңа мүмкіндіктер мен жетістіктер

Соңғы жылдары Қазақстанның барлық өңірлерінде цифрландыру саясаты қарқынды түрде жүзеге асып келеді. Бұл бағытта Түркістан облысы көш басындағы аймақтардың біріне айналды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Түркістан облысындағы цифрландыруды дамыту: жаңа мүмкіндіктер мен жетістіктер

Басқосуда бүгінгі таңда республикада өте маңызды, әрі әрдайым ерекше назар аударылатын цифрландыру саласын дамыту, әсіресе жол және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, алдын алу және басқа да жобалар талқыланды.

Сондай-ақ, радио байланыс жүйесі және коммерциялық нысандардағы және жалпы білім беретін мекемелердің бейнекамераларын Түркістан облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына біріктіру мәселесі де сөз болды.

Соңғы үлгідегі цифрлық әлеуетке ие бейнекамералар орнату көлік қозғалысын бақылап қана қоймай, тұрғындардың қауіпсіздігін сақтап, заң бұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік береді.

Тұрғындар, әсіресе балалар қауіпсіздігі үшін алаңдамауы тиіс. Барлық жерде бейнекамералар орнатылғаннан кейін ұрлық-қарлық, бұзақылық, түрлі деңгейдегі қылмыстар азаятынына сенімділік мол.

Аудандағы мекеме басшылары жиын барысында көтерілген мәселелерге қатысты жұмыстар жалғасын табатынын және оны реттеуге барлық мүмкіндіктер қарастырылатынын айтты.

Сондай-ақ, Түркістан облысы Цифрландыру саласы бойынша республикада үздік атанды.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұйымдастыруымен Астана қаласында «Digital Transformation Conference 2025» іс-шарасы өткен болатын. Онда Түркістан облысы – "Жылдың цифрлық трансформациясы" номинациясына ие болды. Конференция барысында ҚР МЦРИАП Вице-министрі Асхат Оразбеков құттықтау сөз сөйлеп, марапатты табыстады.

-  Қазақстанда цифрлық трансформацияны жеделдету мақсатында аймақтар арасында үздік тәжірибемен алмасу өтіп жатыр. Бүгінгі іс-шарада Түркістан облысы цифрлық салада үздіктер қатарынан көрініп отыр. Саладағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады, - деді облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков.

Жалпы білім беретін мектептерде де цифрландыру үдерісі жақсы жолға қойылып келеді.

Аймақтағы барлық 902 мектек jumys.sitcen.kz жүйесіне қосылған. Бұл жүйе өңірдегі мектептердің бәріне толық енгізіліп, қазіргі таңда 1754 адам осы жүйе арқылы жұмысқа орналасқан. Соңғы дерек бойынша, аталған жүйеге 69639 қолданушы тіркеліп, тұрғындардан 5874 мыңнан аса өтініш түскен.

Облыста «Bilimland» цифрлық білім беру ресурстарына мектептер 100 пайыз қосылған.

Мектепке оқушыларды электронды негізде қабылдау ісі де ойдағыдай жүргізіліп отыр.

Түркістан облысында жалпы орта білім беретін 902 мектеп 2018 жылдың шілде айынан бері «Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет mektep.sitcen.kz порталы арқылы автоматтандыру жүйесіне енгізіліп отыр. Бұл жүйе Түркістан облысының барлық ауданында жұмыс істеп тұр. Қазіргі таңда осы жүйе бойынша 54751 электронды өтініш келіп түскен, 53049 оқушы электронды түрде 1-сыныпқа қабылданды.

«Күнделік» электронды журналдар және күнделіктердің бірегей ақпараттық жүйесі аймақта 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жұмыс істеп келеді. 2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап осы жүйеге 866 (96 пайыз) мектеп қосылды. Алдағы уақытта өңір мектептерінің қосылуын 100 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

Компьютермен қамтамасыз ету де күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі.

Білім басқармасы тарапынан 561 миллион теңгеге 1700 BilimBook компьютер-планшет алынып, 235 білім ордасына «Bilim Book» компьютер-планшет бөлініп, олар оқу процесінің қажетіне жарап отыр.

Қосымша жабдықтау игіліктерінің нәтижесінде әр компьютерге келетін оқушы саны 11,3-тен 10,6-ға төмендеген. Бұл игі бастама алдағы уақытта да жалғасады.

Кең жолақты интернет тарту ісінде де жақсы көрсеткіш байқалады.

Облыстың 775 (86,1 пайыз) мектебі кең жолақты интернет желісіне қосылып, оның ішінде 648-і (72 пайыз) 4Мбит/секжәне одан да жоғары жылдамдықтағы кеңжолақты интернеттің қызығын көріп отыр. Бұл көрсеткішті де 100 пайызға жеткізу ойда бар.

Wi-Fi-мен қамтамасыз етуге де басымдық берілген.

Қазіргі таңда 735(81,4 пайыз) мектеп WI-FI нүктелерімен қамтылған. Сонымен қатар 2018 жылдың соңында Oqylyq.kz платформасы іске қосылды. Аталған платформаның тиімділігіне тоқталсақ, біріншіден мұғалімдердің цифрлық сауаттылығын артырады. Екіншіден, цифрлық кітапхананың қалыптасуын жеделдетеді, үшіншіден, жұмыстың тиімділігін арттырып, оқу семинарларын дайындаудағы шығынды азайтпақ. Төртіншіден, тез әрі жылдам интерактивті курстарды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Осы аталған жүйелердің тиімділік көрсеткіштері де ауқымды. Мәселен:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі кауіптілігінің 18 түрі жойылады;

Оқушылардың сабақтан негізсіз қалуы деңгейінің төмендеуі – 18 пайыз;

Оқушылардың білім деңгейінің өсуі – 12 пайыз;

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты арыз-шағымдардың азаюы – 50 пайыз;

Педагогтардың сапалық құрамының өсуі – 15 пайыз;

Құжат айнылымның төмендеуі – 60 пайыз;

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату