Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Күздің алғашқы күні ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 1 қыркүйек, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Күздің алғашқы күні ауа райы қандай болады?
Фото: informburo.kz

Елдің оңтүстігі мен батысында ыстық әрі құрғақ ауа райы сақталса, орталықта, солтүстікте және шығыста жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді.

Астанада – бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с. Түнде +7...+9°С, күндіз +15...+17°С.

Алматыда – бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Жел 3–8 м/с. Түнде +11...+13°С, күндіз +25...+27°С.

Шымкентте – аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8–13 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +13...+15°С, күндіз +30...+32°С.

Ақтауда – ашық, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с. Түнде +21...+23°С, күндіз +30...+32°С.

Ақтөбеде – бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Жел 5–10 м/с. Түнде +13...+15°С, күндіз +30...+32°С.

Атырауда – ашық, жауын-шашынсыз. Түнде жел 3–8 м/с, күндіз 9–14 м/с. Түнде +20...+22°С, күндіз +33...+35°С.

Жезқазғанда – бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде +16...+18°С, күндіз +27...+29°С.

Қарағандыда – бұлт аралас, жаңбыр, найзағай, бұршақ. Жел 9–14 м/с. Түнде +8...+10°С, күндіз +14...+16°С.

Көкшетауда – бұлт аралас, жаңбыр. Жел 7–12 м/с. Түнде +8...+10°С, күндіз +16...+18°С.

Қонаевта – бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с. Түнде +10...+12°С, күндіз +25...+27°С.

Қостанайда – бұлт сейіліп тұрады, жауын-шашынсыз. Жел 7–12 м/с. Түнде +7...+9°С, күндіз +18...+20°С.

Қызылордада – ашық, жел 9–14 м/с. Түнде +13...+15°С, күндіз +32...+34°С.

Павлодарда – бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел 9–14 м/с. Түнде +9...+11°С, күндіз +16...+18°С.

Петропавлда – бұлт аралас, жаңбыр, найзағай. Жел 9–14 м/с. Түнде +7...+9°С, күндіз +16...+18°С.

Семейде – бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел күшейіп, дауыл болуы ықтимал. Жел 7–12 м/с, түнде екпіні 15–20 м/с. Түнде +8...+10°С, күндіз +16...+18°С.

Талдықорғанда – бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Жел 3–8 м/с. Түнде +3...+5°С, күндіз +23...+25°С.

Таразда – бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с. Түнде +10...+12°С, күндіз +27...+29°С.

Түркістанда – аздап бұлтты, жауын-шашынсыз, шаңды дауыл күтіледі. Жел 8–13 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде +13...+15°С, күндіз +30...+32°С.

Оралда – бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с. Түнде +16...+18°С, күндіз +32...+34°С.

Өскеменде – бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел 7–12 м/с, түнде екпіні 15–20 м/с. Түнде +8...+10°С, күндіз +16...+18°С.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату