weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Трамп қайтыс болды ма? Америка дүрлігіп жатыр

АҚШ-та Дональд Трамптың қайтыс болғаны жөнінде әңгіме қызу талқыланып жатыр. Ол сейсенбіден бері жұрт алдына шықпаған. Осы ретте вице-президент Джей Ди Вэнс «төтенше жағдай болса, қызметті қабылдауға дайынмын» деп мәлімдеді.

Трамп қайтыс болды ма? Америка дүрлігіп жатыр
Фотолар: әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желілерде «Trump is dead» және «Where is Trump» деген іздеу жиілеп кеткен. Жорамал жасаушылар Трамптың қолындағы көгерген дақты марқұм ІІ Елизаветаның өлерінен аз уақыт бұрын пайда болған дақпен салыстырып жүр. Сондай-ақ олар Ақ үй бұған дейін айтқан денсаулығына қатысты мәселелерді еске салуда.

Ресми растау жоқ, бірақ ел ішіндегі әңгіме дүрбелең тудырды. Сарапшылардың айтуынша, егер Трамп шынымен дүние салса, бұл саяси дағдарысқа ұласуы мүмкін. Конституция бойынша Вэнс автоматты түрде президент міндетін атқарушы болады. Бұл жағдай Вашингтондағы күш теңгерімін өзгертіп, Республикалық партияға ауыр соққы болмақ, өйткені Трамп әлі күнге дейін негізгі тұлға саналады.

Ал SVTV NEWS телеграм-арнасының мәліметінше, Трамп аман-есен, тіпті гольф ойнап жүр. Мұны Axios журналисі Майк Аллен де Ақ үйге жақын дереккөзге сүйеніп растады.

Айта кетейік, биыл маусымда Дональд Трамп 79 жасқа толды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→