weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Үкіметтегі «осал» министрліктер туралы пікір

 «Злобная татешка» Telegram-арнасы Қазақстан үкіметіндегі кейбір министрліктер күзгі саяси маусымда ерекше сынға ілігеді деп жазды.

Үкіметтегі «осал» министрліктер туралы пікір
Фото: ашық дереккөз

Арнаның байқауынша, ауыл шаруашылығы министрлері үшін күз – ең күрделі кезеңдердің бірі. Себебі дәл осы уақытта егін орағына қатысты сын күшейіп, азық-түлік бағасының құбылуы қоғамның назарында болады. Өткен жылы министр ауысуы да қыркүйек айында орын алған.

Су ресурстары саласы да ерекше назарда. Президенттің бұл бағыттағы талаптары жоғары болғандықтан, жауапты министр үшін кез келген уақытта сын күшеюі мүмкін.

Сауда және интеграция министрлігін арна «от қоюға ыңғайлы мекеме» деп сипаттайды. Бағаның көтерілуі, ішкі саудадағы тұрақсыздық немесе сыртқы экономикалық саясаттағы нәтижесіздік – барлығы ведомствоға саяси тұрғыда соққы әкелуі ықтимал.

Күштік құрылымдарға келсек, күзде резонансты қылмыстық оқиғалар жиілейтініне назар аударылып, бұл ІІМ үшін қосымша сын-қатер туғызады деп болжанады. Экология министрлігіне қатысты да қауіп сейілмейді: жаз айларындағы экологиялық мәселелермен қатар, халықаралық күн тәртібі де бұл ведомствоға қысым түсіріп отырады.

Жалпы, арна жазғандай, кез келген министр күтпеген кадрлық шешімге дайын болуы тиіс. Қазақстанда жоғары лауазымдағы шенеуніктердің тағдыры бір сәтте өзгеріп, жаңа кабинетке жол тартуы ғажап емес.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→