Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
28 тамыз, 2025 / Перизат Ілес / Аймақтар

Дархан Сатыбалды Урбанистика орталығының ұжымымен кездесті

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Урбанистика орталығының ұжымымен абаттандыруға және жайлы қалалық кеңістіктер құруға жүйелі тәсілдерді әзірлеу және енгізу мәселелері бойынша кеңес өткізді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Дархан Сатыбалды Урбанистика орталығының ұжымымен кездесті

Кеңес барысында Урбанистика орталығының өкілдері қалалық ортаны жаңғыртуға қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстар мен негізгі жобалар туралы айтып берді.
 
Сондай-ақ, бүгінгі таңда Урбанистика орталығы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғаудың қолданыстағы ережелерін күшейтуге арналған көгалдандыру Жарғысын әзірлеуде.

 

«Басқармалар мен аудан әкімдіктері жобаларды іске асыру кезінде баттандыру мен көгалдандырудың бірыңғай ережелерін қатаң сақтауы тиіс. Урбанистика орталығы авторлық мониторинг функцияларын орындайды және Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасымен бірлесіп абаттандыру тұжырымдамаларын әзірлеуге қатысады», - деді Дархан Сатыбалды.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату