Бұл бастама маусым айында өткен үкімет отырысында президент Режеп Тайып Ердоғанның мақұлдауымен іске қосылған. Ол кезде Иран мен Израиль арасында 12 күнге созылған әскери қақтығыс жүріп жатқан еді.
Баспана салу міндеті тұрғын үй және құрылыс басқармасына жүктелді. Ал Түркия Ұлттық барлау академиясы әзірлеген есепте үкіметке ерте ескерту жүйелерін енгізу және заманауи жабдықталған бункерлер тұрғызу ұсынылғаны айтылады.
Айта кетсек, Түркияда 1987 жылдан бері белгілі ғимараттарға пана салуды міндеттейтін заң бар. Алайда іс жүзінде олардың көпшілігі автотұрақ не қойма ретінде пайдаланылып келген.