Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақстан әуежайлары енді ұшаққа өтпей қалған заттарды сақтамайды

Ұшаққа алып кіруге тыйым салынған заттарды жолаушы қасындағыларға бермесе, олар бірден кәдеге жаратылып, жойылады.

Қазақстан әуежайлары енді ұшаққа өтпей қалған заттарды сақтамайды
Фото: ашық дереккөз

27 тамызда Азаматтық авиация комитеті қазақстандық әуежайларда бұдан былай тыйым салынған заттарды сақтау тәжірибесі тоқтатылатынын хабарлады.

«Әуежайлардың авиациялық қауіпсіздік жүйесін халықаралық талаптар мен тәжірибеге сәйкестендіру мақсатында, жолаушылардан тексеру кезінде алынған, әуе көлігіне алып кіруге болмайтын заттарды сақтау тәжірибесі тоқтатылды. Бұл шешім жолаушыларға қызмет көрсету үдерісін оңтайландыру үшін де қабылданды», – делінген хабарламада. Бұған дейін мұндай заттарды жолаушы қайтып келгенде арнайы сақтау орнынан алып кете алатын.

Комитет әуежайда кідірмеу және тексеру кезінде заттардың тәркіленбеуі үшін жолаушыларға алдын ала қол жүгін мен багажға қатысты ережелермен танысып алуды ескертеді. Тыйым салынған заттар мен бұйымдардың толық тізімі әуекомпаниялар мен әуежайлардың сайттарында, сондай-ақ тіркеу үстелдері мен тексеру пункттерінде қолжетімді.

Мысал ретінде қол жүгінде алып өтуге болмайтын заттарға көлемі 100 миллилитрден асатын ыдыстардағы сұйықтықтар, аэрозольдер мен гельдер жатады.

«Әсіресе зауыттық қаптамасы жоқ тағам өнімдерін алып жүруге болмайды. Бұл – бал, тосап, сүт өнімдері және үйде дайындалған басқа да тағамдарға қатысты. Мұндай заттар тексеру кезінде міндетті түрде тәркіленіп, кейін утилизацияланады», – деп атап өтті комитет.

Тәркіленген заттар мен өнімдерді тек жолаушыны шығарып салған адамдарға беруге болады. Ал қауіпті заттар мен бұйымдардың толық тізімінде мысалы, бос шақпақтар, слинг-шарбақ (рогатка), металл ленталы рулетка және қару ретінде пайдалануға жарайтын өзге де қатты заттар бар.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату