Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Астанада түсірілген канадалық «Альтер» фильмі жарыққа шықпақ

Астана халықаралық кинопремьераға арқау болды. Канадалық фантастика жанрындағы экшн-фильм «Альтердің» бірқатар көріністері Қазақстан астанасында түсірілген. Басты рөлде — «Гарри Поттердегі» Драко Малфой бейнесімен танымал Том Фелтон.

Астанада түсірілген канадалық «Альтер» фильмі жарыққа шықпақ
Фото: трейлерден кадр

Бірнеше күн бұрын жарияланған трейлерден елордадағы ерекше нысандарды — ЭКСПО аумағындағы «Нұр Әлем» шарын және Назарбаев орталығы ғимаратын көруге болады. Фильм оқиғасы болашақта өрбиді, ал Астананың сәулеті футуристік атмосфераға үйлесім тапқан.

Айта кетейік, Том Фелтон 2023 жылдың соңында Астанаға келген еді. Оның Қазақстанға келуі күтпеген жаңалық болып, әлемдік франшиза жанкүйерлерін таңғалдырған. Кейін белгілі болғандай, ол режиссер Тимо Вуоренсоланың жаңа ғылыми-фантастикалық туындысына түсіп жатқан.

Тіпті 2023 жылдың тамызында Вуоренсола Instagram парақшасында Астанадағы ескі зауыттардың бірінен түсірілген суреттер жариялап, «Индустриалды симфония №1 немесе: бұрынғы кеңестік елде локация іздеу» деп жазған.

Сонымен, түсірілімнің сыры белгілі болды. Енді қазақстандық көрермендер тек премьераны күтеді. Айтпақшы, «Альтердің» әлемдік тұсаукесері 2025 жылдың 18 қыркүйегіне жоспарланған.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату