Оқиға онлайн таныстықтан басталған: ер адам мен әйел интернет арқылы сөйлескен. Әйел денсаулығына байланысты қиындықтарын айтқан соң, ер адам оған қаржылай көмек көрсетуге шешім қабылдап, сұраусыз-ақ оның мобильді шотына ақша аударған.
Алайда уақыт өте келе олардың қарым-қатынасы суып, ер адам жұмсаған қаражатын қайтару үшін сотқа талап-арыз түсірген. Ол бұрынғы сүйіктісінен көмек ретінде берген барлық ақшаны өндіріп алуды талап етті.
Бірақ сот талап-арызды қанағаттандырмай, ҚР Азаматтық кодексінің 954-бабына сүйенді. Бұл бапқа сәйкес, сыйлық ретінде, қайырымдылық не көмек ретінде берілген ақша қайтарылуға жатпайды. Ер адам сот шешімімен келіспей, апелляцияға бергенімен, сот алқасы бастапқы шешімді күшінде қалдырды. Осылайша, бұл ерекше іс соңына жетті.