Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

БҚО-да «Балмұздақ алып беремін» деп  6 жасар қызды зорлаған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауылында 32 жастағы ер адам алты жастағы қызды ұрлап, оған жыныстық зорлық көрсеткені үшін ұсталды.

БҚО-да «Балмұздақ алып беремін» деп  6 жасар қызды зорлаған

Оқиға 22 тамыз кешке болған. Жергілікті пабликтердің хабарлауынша, баланың анасы үйіне қайтып бара жатқанда таныс жігіт кездесіп, қызына балмұздақ алып беремін деп ұсыныс жасаған. Қыз онымен бірге кеткен, бірақ үйіне оралмаған.

Бірнеше сағат өткен соң ата-анасы полицияға хабарласқан. Бұл ақпаратты БҚО ПД растады.

23 тамызда қыз бен ер адам ауыл маңындағы орман алқабынан табылды. Күдікті мас күйінде ұйықтап жатқан, жанында бос шөлмектер болған. Қыз ес-түссіз күйде жатқан. Баланы ауруханаға жеткізген, дәрігерлер жыныстық зорлықтың белгілерін анықтаған.

«Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жүріп жатыр», — деді ПД өкілдері.

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату