Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Трамп Зеленскиймен оңаша кездеседі

АҚШ президенті 18 тамызда Вашингтонда алдымен Владимир Зеленскиймен жеке жүздеседі. Тек содан кейін келіссөзге ЕО мен НАТО өкілдері қосылады.

Трамп Зеленскиймен оңаша кездеседі
• Фото: Владимир Зеленскийдің Telegram-арнасынан.

Кездесу бағдарламасында ресми кешкі ас пен кеңейтілген форматтағы ұзақ келіссөздер бар. Украина басшысымен бірге Германия канцлері Фридрих Мерц, Франция президенті Эмманюэль Макрон, Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен, Финляндия президенті Александр Стубб, Ұлыбритания премьері Кир Стармер, Италия премьері Джорджа Мелони және НАТО бас хатшысы Марк Рютте келеді.

Зеленский бұл кездесуді 16 тамызда хабарлаған. Бұл — ақпанда Трамппен болған ресурс келісімі жөніндегі даудан кейінгі оның АҚШ-қа алғашқы сапары. Кейін ол келісім жасалған болатын.

Вашингтондағы келіссөздер АҚШ пен Ресей саммитінен соң өтеді. Басты тақырыптардың бірі — ықтимал бейбіт келісім жайы болмақ. Владимир Путин Запорожье мен Херсон бағытындағы майдан шебін «қатырып қоюды» ұсынып, соған айырбас ретінде Украинадан Донецк облысынан шығуды талап еткен. Мәскеу оккупацияланған жерлердің бір бөлігін қайтару мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін білдіргенімен, Қырымды мойындау, Украинаның бейтарап мәртебесі және Орыс православ шіркеуіне ерекше рөл беру мәселесінде қатаң ұстанымда отыр.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату