Владимир Путин кездесу орнының таңдалуын орынды деп атап, Ресей мен АҚШ көршілес мемлекеттер екенін еске салды. Ол Украинадағы жағдайды Мәскеу үшін «қасірет пен ауыртпалық» деп сипаттап, бейбітшілікке шынайы ұмтылысын жеткізді. Сонымен қатар, дағдарыстың түпкі себептерін жою және қауіпсіздік тепе-теңдігін қалпына келтіру қажет екенін атап өтті. Путин Дональд Трамптың «Украинаның қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс» деген пікірімен келісті және «егер ол президент болғанда, бұл соғыс болмас еді» деді.
Өз кезегінде Дональд Трамп келісімге қол жеткізілмегенін, бірақ келіссөздер «айтарлықтай алға жылжығанын» айтты. Оның сөзінше, тараптар бірқатар мәселелер бойынша мәмілеге келіп, «шын мәнінде ілгеріледі». Сондай-ақ, ол әрдайым Путинмен «тамаша қарым-қатынаста» болғанын айтып, кездесудің қорытындысын Еуропа елдерінің басшыларымен және Владимир Зеленскиймен талқылауға ниетті екенін жеткізді. «Құрметті Путин мырза, сізбен жақында қайта жүздесем деп үміттенемін», — деді АҚШ президенті.