weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ақтөбеде екі кішкентай бала суға батып кетті

2020 және 2022 жылы туған балалар Ақтөбе су қоймасында қаза тапты. Қайғылы жағдай 10 тамыз күні, шомылуға тыйым салынған жерде, Ясный-2 ықшамауданының маңында болған.

Ақтөбеде екі кішкентай бала суға батып кетті
Фото: baq.kz

Құтқарушылардың мәліметінше, балалар қауіпті аумақта үлкендердің қарауынсыз суға түскен. Бір сәтте көзден ғайып болған оларды іздеуге жедел қызмет шақырылған. Сәбилердің денесі жағаға жақын, шамамен үш метр тереңдіктен табылды.

Құтқарушылар тағы да судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды және арнайы рұқсат етілмеген жерлерде шомылмауды ескертеді.