Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Түркістанда бес немересі бар әже үшем босанды

Түркістан облысында 43 жастағы Орынкүл Нұрабаева үш ұл дүниеге әкелді. Дәрігерлердің айтуынша, сәбилер жүктіліктің 35-аптасында жоспарлы кесар тілігі арқылы туған. Нәрестелердің салмағы – 2265, 2435 және 2450 грамм. Қазір анасы мен балалар үйінде, дәрігерлердің бақылауында, жағдайлары бірқалыпты.

Түркістанда бес немересі бар әже үшем босанды

Орынкүлдің отбасында қазір 11 бала бар. Үлкен қызы – 26 жаста, алдыңғы кенжесі – төрт жаста. Бұған қоса, ол – бес немересі бар әже. Тамызда туған үшемнің есімдері – Аслан, Әлихан және Әлінұр.

Орынкүл босанған №1 перинаталдық орталықта жыл басынан бері 4050 сәби дүниеге келген, олардың ішінде 72 жұп егіз бар.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату