Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Берденовке шабуыл ісі: «Әкімдікке барар алдында Жиембай қаруын сынап көрді» – куәгер

Сотта куәгер Арман Молдабеков Ернар Жиембаймен болған оқиға жайлы баяндады.

Берденовке шабуыл ісі: «Әкімдікке барар алдында Жиембай қаруын сынап көрді» – куәгер

— Маған «Көлікті Қайтпас-2 ықшамауданына айдашы» деді. Бірнеше көшені аралап шыққан соң, «Тұран жаққа барайық» деп бағытты өзгертті. Сол кезде нақты қайда баратынымызды сұрадым. Ол болса: «Өткенде балалар аңға шыққанда қаруды суға түсіріп алыпты, содан оқ атпай жатыр. Қазір үлкен кісілерге беремін, ұят болып қалады» деп түсіндірді, — деді куәгер.

Айтуынша, олар Тұран ықшамауданындағы жазық жерге тоқтап, Жиембай көліктің жүк салғышынан мылтығын алып, екі-үш рет атып көрген. Содан кейін ол көлікке мініп, Нұрсәт ықшамауданындағы Назарбаев даңғылы бойындағы үйіне жеткізуді сұраған.

Куәгердің сөзінше, осыдан кейін Жиембай моншаға баруды ұсынған. Бірақ үйінің жертөлесінде Арман Молдабеков өз көлігіне отырғаннан соң Жиембай өзінің көлігімен кетіп қалған.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату