20 тамызда қылмыстық істер жөніндегі межрайондық сот Ернар Жиембайды айыпты деп танып, оны жалпы тәртіптегі колонияға 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ, апелляциялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.
Оқиға биылғы 21 сәуірде Шымкент әкімдігі ғимаратының алдында болған. Шабуыл кезінде Руслан Берденов ауыр жараланып, ауруханаға жеткізілді. Күдікті сол жерде ұсталды.
Жиембайға Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіруге оқталу» бабымен айып тағылды (24-баптың 3-бөлігі, 99-баптың 1-бөлігі). Сот процесінде прокурор 11 жыл 3 ай жаза сұраған.
Айыпталушы кінәсін ішінара мойындап, істі «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабына ауыстыруды өтініп, жеңіл жаза беруді сұрады. Соңғы сөзінде ол өзі де жараланғанын айтып, отбасының жалғыз асыраушысы екенін ескеруді өтінді.
Алайда сот оның уәждерін қабылдамады. Ернар Жиембай қасақана кісі өлтіруге оқталды деп танылып, 9 жылға сотталды.