Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Fonte Capital Орталық Азияда споттық биткоин дәуірін бастады

Орталық Азияда Fonte Capital инвестициялық компаниясы алғаш рет споттық биткоин ETF – Fonte Bitcoin OEIC (BETF) қорын іске қосты,- деп хабарлайды newsroom.kz

Fonte Capital Орталық Азияда споттық биткоин дәуірін бастады

Бұл қаржы өнімі Astana International Exchange (AIX) биржасында саудаланады және аймақтағы криптовалюта нарығының дамуына айтырлықтай серпіліс бермек.

Қазақстанда Орталық Азиядағы алғашқы споттық биткоин ETF іске қосылды

Fonte Capital компаниясы BETF атауымен аймақтағы тұңғыш споттық биткоин ETF-ын ұсынды. Қордың сауда-саттығы 13 тамызда басталмақ. Әрбір акция нақты биткоинмен толық қамтамасыз етіледі, ал активтердің сақталуын АҚШ-та реттелетін және 250 млн долларға дейінгі сақтандыруы бар BitGo Trust компаниясы жүзеге асырады. BitGo суық сақтау технологиясын (cold storage) және жоғары қауіпсіздік қоймаларын пайдаланып, институционалдық және жеке инвесторлардың қаражатын барынша қорғауды көздейді.

Қазақстан – аймақтық криптоорталық

2021 жылы Қытай криптомайнингке тыйым салғаннан кейін, Қазақстан әлемдегі ірі криптовалюта өндірушілердің біріне айналды. Елдің көмір энергиясына негізделген арзан электр қуаты мен салыстырмалы түрде қолайлы реттеу саясаты криптоиндустрияны дамытуға серпін берді.

АХҚО – сенімді құқықтық алаң

BETF қоры Астана халықаралық қаржы орталығының юрисдикциясында тіркеліп, реттеледі. АХҚО цифрлық активтерге арналған заманауи құқықтық инфрақұрылым ұсынып, лицензияланған биржаларға, кастодиандарға және инвестициялық қорларға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл шетелдік эмитенттерге тәуелділікті азайтып, халықаралық санкцияларға қарсы қорғаныс тетігін қалыптастырады.

Аймақтық бәсекелестік және инвестициялық мүмкіндіктер

Көршілес Қырғызстан мен Өзбекстан криптонарыққа сақтықпен қараса, Қазақстан ашық әрі реттелетін экожүйе құру арқылы халықаралық инвесторлардың назарын аударуда. BETF сияқты қаржылық өнімдер елдің қаржы секторының әртараптануына, шетелдік капитал тартуға және цифрлық экономиканы дамытуға ықпал етеді.

ETF-тің артықшылықтары

Қор табиғи есеп айырысу жүйесін және төмен комиссиялық мөлшерлемені ұсынады, бұл биткоин бағасының шынайы динамикасын дәл көрсетуге мүмкіндік береді.

Қазақстанның жаһандық позициясы

BETF іске қосылғаннан кейін Қазақстан АҚШ, Канада және Гонконгпен қатар, биткоин ETF нарығында өз орнын алды. Инвесторлар енді Алматыдан да, Лондоннан да AIX арқылы қор акцияларын оңай сатып ала алады – криптобиржаларға тіркелудің немесе жеке кілттерді сақтаудың қажеті жоқ.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату