weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Шахматшы Жансая Әбдімәлік ана атанды

Қазақстанның танымал шахматшысы, халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік көптен күткен қуанышты жаңалығын бөлісті – ол алғаш рет ана атанды.

Шахматшы Жансая Әбдімәлік ана атанды
Фото: инстаграм парақшасынан

Шахматшы бұл сәтін Instagram парақшасында жариялап, жүктілік кезіндегі әсерлі фотосуреттерін жүктеді.

– Сен жүрегімде болған сәттен бастап, әлі кездестірмесем де, сені сүйіп қалғанымды байқамай қалдым, – деп жазды ол.

Желі қолданушылары бірден жылы лебіздері мен құттықтау пікірлерін жолдады.

Жансая Әбдімәлік – Қазақстанның ең табысты шахматшыларының бірі, халықаралық гроссмейстер атағының иегері. Жұбайы – Нұрахмет Нұриев, 2024 жылдан бері «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы. Ерлі-зайыптылар 2023 жылы үйленген. Бұл – олардың тұңғыш сәбиі.