Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Мемлекеттік қолдау: Қазақстанда жастар форумы бастау алды

Павлодар облысында «Жастар болашағы – жарқын Қазақстан» атты республикалық жастар форумы өз жұмысын бастады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Мемлекеттік қолдау: Қазақстанда жастар форумы бастау алды

Форумға Қазақстанның барлық өңірлерінен 35 жасқа дейінгі қатысушылар,120-дан астам белсенді жастар - инженерлер, өнеркәсіп кәсіпорындарының мамандары, IT-әзірлеушілер, дәрігерлер, кәсіпкерлер және қоғамдық ұйымдардың өкілдері жиналды.

Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаев қатысты.

«Бүгін мұнда мықты, бәсекеге қабілетті және технологиялық жағынан дамыған Қазақстанды қалыптастыратын жастар жиналып отыр. Біздің елімізде халықтың үштен бірі жастар, азаматтардың орташа жасы 32 жасты құрайды және бұл үлес өсуде. Сондықтан жұмысшы мамандықтар жылын жариялау олардың беделін арттыру және техникалық мамандықтарды жастар арасында танымал ету үшін маңызды қадам болды», - деп атап өтті вице-премьер.


Сондай-ақ, Ермек Көшербаев Үкіметтің жас қазақстандықтарды қолдау бойынша кешенді шаралар іске асырып жатқанын мәлімдеді:

•  студенттік шәкіртақылар екі есеге ұлғайтылды (жұмыс біліктілігі бойынша - 43 574 тг., орта буын бойынша - 41 896 тг.);

• 4,5 мың орындық 17 жатақхана салынуда (колледж студенттерінің 85%-ы тұрғын үймен қамтамасыз етілген);

• шетелдік колледждер мен университеттердің филиалдары ашылды;

•  «Жасыл ел», «Жастар тәжірибесі», «Дипломмен ауылға» бағдарламалары іске асырылуда;

• жұмысшы мамандарға арналған жеңілдетілген «Наурыз», «Отау» тұрғын үй бағдарламалары және «Наурыз жұмыскер» жаңа жобасы жұмыс істейді;

• «Болашақ» стипендиясына қайта бағдарлау жүргізілді — гранттардың кемінде 60%-ы техникалық мамандықтарға бөлінеді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату