Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қытай әскери кемесі филиппиндіктерді қуып жүріп күзет кемесімен соқтығысты

Филиппин жағалау күзетінің мәліметінше, оқиға балықшыларға көмек жеткізіп бара жатқан кемелерді сүйемелдеу кезінде болған.

Қытай әскери кемесі филиппиндіктерді қуып жүріп күзет кемесімен соқтығысты
Видеодан кадр

Видеода Қытай жағалау күзетінің кемесі мен әлдеқайда ірі, бортында 164 нөмірі бар кеме соқтығысқаны көрінеді. Кейіннен қытай патрульдік кемесінің тұмсық бөлігі түгелдей мыжылған суреттер жарияланды.

Филиппин жағалау күзетінің өкілі Джей Тарриеланың айтуынша, CCG 3104 кемесі филиппиндік BRP Suluan катерін жоғары жылдамдықпен қуа жүріп, қауіпті манёвр жасап, ҚХР ӘТК әскери кемесіне соғылған. Соның салдарынан қытай кемесінің алдыңғы бөлігі қатты зақымданып, жарамсыз күйге түскен.

Тарриеланың сөзінше, қытай әскери күші филиппиндік катерді су зеңбірегімен атпақ болған, бірақ катер соққыдан жалтарып кеткен. Сондай-ақ ол соқтығыс алдында зақымданған кеменің палубасында экипаж мүшелері көрінгенін, алайда олардың зардап шеккен-шекпегені белгісіз екенін айтты. Филиппин тарапынан көмек көрсету ұсынысы жасалғанымен, қытай жағы қабылдамаған.

Қытай жағалау күзетінің ресми өкілі Гань Ю оқиғаны «қақтығыс» деп атағанымен, соқтығыс туралы сөз қозғамады. Қытайдың Сыртқы істер министрлігі де бұл мәселеге қатысты түсініктеме беруден бас тартты.

Скарборо рифі 2012 жылдан бері Қытай мен Филиппин арасындағы шиеленіс нүктесі болып келеді. Бұл аймақ арқылы әлемдік теңіз жүк тасымалының 60%-дан астамы өтеді.

Филиппин президенті Фердинанд Маркос елдің риф маңындағы патрульдеуді жалғастырып, өз егемендігін қорғайтынын мәлімдеді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату